×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Биыл Алматы ШЫҰ-ның мәдени және туризм астанасы болуы мүмкін

20.03.2023, 16:11
Биыл Алматы ШЫҰ-ның мәдени және туризм астанасы болуы мүмкін
фото: ашық дереккөзден

17 наурызда Үндістанның Варанаси қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекеттерінің туризм әкімшіліктері басшыларының кездесуінде осындай ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, іс-шараға Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Пәкістан өкілдері қатысты.

Тараптар ШЫҰ елдерінде туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және туризм индустриясын бірлесіп дамытуға бағытталған бірнеше құжатқа қол қойды.

Жиында ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев бастап барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.айтқан ұсыныстардың бірі - ірі халықаралық іс-шаралар алаңдарында, оның ішінде бірыңғай стендтерде ШЫҰ мемлекеттерінің туристік әлеуетін ілгерілетудегі күш-жігерді біріктіру болды. Сондай-ақ Ержан Еркінбаев 2023-2024 жылдары Алматыны ШЫҰ-ның мәдени және туризм астанасы ретінде бекітуді ұсынды.

«ШЫҰ елдерімен барлық салаларда ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың оң серпіні байқалады, бұл жерде туризм бағыты да бар. Қазіргі уақытта Қазақстанда 79 елдің азаматтарына визасыз режим жұмыс істейді (ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттерді қоса алғанда), осы тізімді 100 елге дейін кеңейту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай – ақ 30 мемлекетке 100-ден астам авиамаршрут тұрақты түрде әуе қатынасын жүзеге асырады», - деді Ержан Еркінбаев.

Айта кетейік, 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етеді.