×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Петропавлдықтардың Қазақстаннан "тәуелсіздік алуы": Ассамблея мәлімдеме жасады

31.03.2023, 17:46
видеодан кадрлар

Қазақстан халқы Ассамблеясы өздерін Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп жариялаған Петропавл тұрғындарына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қазақстан халқы Ассамблеясы «Народный Совет г. Петропавловск» деп аталатын ұйымның атынан шыққан бір топ адамдардың арандатушылық мәлімдемесін қатаң түрде айыптайды. Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығының мызғымастығын және оған ішкі және халықаралық заңнамаммен кепілдік берілгенін мәлімдейміз. Бұл әрекеттерді мемлекетіміздің конституциялық негіздеріне, қауіпсіздігіне, бірлігі мен тұрақтылығына қарсы бағытталған ел мүддесіне жасалған опасыздық деп бағалаймыз”, – делінген мәлімдемеде.

Ассамблея мұндай арандатушылықтар аса жауапсыздықтың көрінісі және құзырлы органдар тарапынан қатаң түрде тиылу керегін атап өтті.

“Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтарды мұндай әрекеттерге бой алдырмауға және мызғымас бірлігіміз бен қоғамдық келісіміміздің негізі – халқымызға тән даналықты, төзімділікті, сенім мен өзара сыйластықты сақтауға шақырады. Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз және біз қай жерде болсақ та  сүйікті Отанымыздың өкілдеріміз, ал халықаралық қауымдастық бізді біртұтас әрі қуатты ұлт ретінде таниды”, – деді ассамблеялықтар.

Еске салайық, өздерін Петропавл тұрғындарымыз деп таныстырған бір топ адам Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын жариялады. Олар Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, оның құқықтық негіздерін жоққа шығарды.

«Біз азат және еркін халықпыз, ерлер мен әйелдер, СҚО Петропавл қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасы корпорациясының құқықтық негізінің жалғандығына, халықтың өміріне қолайсыз жағдайлар туғызуына, сонымен қатар, оның агенттерінің әрекетке қабілетсіздігі мен абыройсыздығына байланысты игілігіміз бен ресурстарымызды басқару жүйесінің барлық құрылтайшысы мен қызметшілеріне толық сенімсіздік білдіреміз. Біз халық, өз тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді жариялаймыз», - дейді қатысушылар әлеуметтік желілерде тараған видеода.

Бұдан бұрын Мәжіліс депуттаттары аталған тұлғаларға қатысты Бас прокурорға хат жолданатынын мәлімдеген.

Көп ұзамай Бас прокуратура СҚО-дағы сепаратизмді насихаттау ісіне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары