Дүниежүзілік банк Еуропа мен Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстан үшін экономикалық өсім болжамдарын жасады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Еліміздің жалпы ішкі өнімі үй шаруашылықтарын тұтыну, COVID-19-бен байланысты шектеулерді жеңілдету және фискалды қолдау шаралары есебінен 2,3%-ға өсті.
«Азық-түлік бағасының өсімі мен кейінгі қалдырылған сұраныс әсері инфляцияның ұлғаюына әкелді. 2021 жылы кедейлік деңгейі төмендейтіні, бірақ пандемияға дейінгі межеден жоғары болатыны болжанып отыр. Қалыпқа келу қарқыны пандемия ағымына және көмірсутегіне деген сыртқы сұранысқа байланысты болады», - деп жазды Дүниежүзілік банк сарапшылары.