×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Оқу жылы аяқталды: оқушылардың ата-аналары петиция дайындап жатыр

31.05.2023, 13:19
фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Қазақстанда оқу жылын ұзарту туралы шешімді сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Мен мұғалім ретінде, білім беру саласындағы сарапшы ретінде бұл ойластырылмаған, негізі жоқ, кәсіби емес әкімшілік шешім деп санаймын", - деді Ирина Смирнова.

Ол өз сөзін бірнеше фактімен дәйектеді. Депутаттың айтуынша, қазақстандық оқушылардың басқа елдегі оқушылардан айырмашылығы күніне 4 сағат емес, 6-7 сабақ оқиды.

"Егер сабақтардың санын есептейтін болсақ, онда ол шетелдегі оқу жылының ұзақтығына сәйкес келеді. Сонымен қатар, балалардың жазда қанша демалатынын салыстыруға болмайды. Кейбір елдерде оқушылар қыста бір ай немесе жылдың басқа уақытында екі ай демалады. Олардың оқу жылының мүлдем басқа құрылымы бар және бізге айтылатын дәйектер – халықты адастыру. Олар бізді дұрыс шешім қабылдағандарына сендіріп әлек. Бұл қате шешім", - деп қосты Смирнова.

Ол министрлік оқу жылын 25 мамырға дейін қайта қысқарту туралы шешім қабылдауы керегін айтты.

"Қазір ата-аналар петиция дайындап жатыр, мен оның ықпалы  болады деп үміттенемін", - деді депутат.

Еске салайық, бұдан бұрын экс-министр Асхат Аймағамбетов “Оқу жылын 31 мамырға дейін созу қаншалықты дұрыс болды?” деген сұраққа жауап берген.

Ал Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа соңғы қоңырауды қайтадан 25 мамырға ауыстыру бір күнде қабылданатын шешім еместігін айтты.

Сондай-ақ, сарапшы оқу жылын ұзарту "о бастан абсурд шешім" болғанын мәлімдеді.

 

Серіктес жаңалықтары