×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Байқоңырда бәрі быт-шыт. Қазақстанда ұлттық идея жоқ – IT маманы

08.10.2021, 10:30
Байқоңырда бәрі быт-шыт. Қазақстанда ұлттық идея жоқ – IT маманы
фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы «Kazhackstan» идеясының негізін қалаушы Олжас Сәтиев ulysmedia.kz деректі фильмінде айтты.

«Қазақстанда проблема бар: бізде ұлттық идея жоқ. Байқоңырға барсаң, бәрі быт-шыт. «Байқоңыр» логотипі бар арзан, сапасыз атрибутика сатады. Келетін туристер - негізінен ресейліктер. Біздің қазақтар бармайды. Қазақстанның өз фантастикасы да жоқ. Бізде негізінен өзіміздің қалай азап шеккеніміз туралы поэмалар ғана бар. Бізде фантистика, ғарыш туралы ештеңе болмаған. Өкінішке қарай, солай ғой. Ал Канаверал мүйісіне барсаң, мыңдаған бала жүгіріп жүреді. Оларға Илон Маск, айға алғашқы ұшу туралы айтып жатады. Афроамерикалық бала шағын «шлем» сатып алып, анасына «мен инженер, ғарышкер болғым келеді» дейді. Осы балалар «Америка Марсқа ұшып барған алғашқы ел болады» деген идеямен жүреді. Оларда Брэнсон сияқты алғашқы ғарышқа ұшуларды ұйымдастырғандар бар. Олар осымен өмір сүреді. Ал бізде ондай жоқ. Бізде, Қазақстанда «мен сондай адам сияқты болғым келеді» дейтіндей адам жоқ. Ақшаның көбі ертегіге жұмсалуы мүмкін. Бірақ меніңше, осындай ертегі де керек», - деді Олжас Сәтиев.

Ал White hat hacker Батыржан Түтеев қандай желілер қауіпті екенін айтты.

«Егер сіз инстаграмға кіріп, бірдеңе айтсаңыз, инстаграм бұның бәрін есте сақтап қалады, бұл делелденген факт. Бәріне үш қосымшаны өшіруге кеңес беремін. Олар: Инстаграм, Вконтакте және Фейсбук. Әсіресе, соңғы екі қосымша сіз туралы ең көп мәлімет жинайды. Егер біз веб арқылы кірсек те, мысалы Вконтакте біздің желіге кіргенімізді көре алады. Бұған қоса Вконтакте қосымшасы сіздің қасыңыздағы Wi-Fi «нүктелері» туралы да ақпарат жинай алады. Оған қоса, телефон кітапшасын, сіздің белсенділігіңізді, телефоныңызда қандай қосымшалар орнатылғанын біліп отырады. Фейсбукте де солай», - деді Батыржан Түтеев.

IT сарапшы Арнұр Тоқтабаев болса, Сбер жайлы пікір білдірді.

«Біз ештеңесі жоқ қандай да бір африкалық мемлекет емеспіз ғой. Біз ТМД-да электрондық үкіметі үздік саналатын мемлекетпіз. Бізге бөтен платформаны сатып алу керек емес. Меніңше, Қазақстан – бұл Сбер платформасын пайдаланатын бірінші ел. Білмеймін. Мысалы, Эйр Астана еш жерде, ешқашан пайдаланылмаған жолаушылар ұшақтарын сатып алса, сіз олармен ұшар ма едіңіз? Меніңше, жоқ. Бұнда да осыған ұқсас жағдай», - деді Арнұр Тоқтабаев.

«Цифрлық колония. Сберден келетін қауіп. Қазақстанның IT потенциалы» атты деректі фильмнің толық нұсқасын осы сілтемеден көруге болады.