×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

6 айда 60 жасөспірім бала көтерген: ерте жүктілік бойынша "көшбасшы" өңір аталды

20.07.2023, 16:47
ortalyq.kz

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында ерте жүктіліктің 60-қа жуық фактісі тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық телеарна мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кәмелетке толмай жүкті болған қыздардың саны 2%-ға өскен.

Өңірде 19 мыңнан астам кәмелетке толмаған қыз тұрады. Сарапшылардың айтуынша, олардың көбі жыныстық өмірді 13 жасынан бастайды. Олардың ерте жыныстық қатынасқа түсуіне ортасы әсер ететін көрінеді.

«Ерте жүктілік бойынша Маңғыстау облысы Қазақстанда бірінші орында тұр. Өткен жылы аймақта 6 айда кәмелетке толмаған 44 жүкті қыз болған. Биыл жыл басынан бері 57 жасөспірім жүкті болды, - деп хабарлады облыстың штаттан тыс балалар гинекологы Айжан Әліпанова.

Айта кетейік, бұдан бұрын Маңғыстауда оқушы қыз әкесінен жүкті болып қалғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары