×
$
444.4
€
488.97
₽
5.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.4
€
488.97
₽
5.39

Атырау облысында қызылша жұқтырған бір жасар бала көз жұмды

Бүгін, 17:20
Атырау облысында қызылша жұқтырған бір жасар бала көз жұмды

Атырау облысында қызылша инфекциясынан бір жастағы бала қайтыс болды. Туа біткен жүрек ақауына байланысты оған екпе салуға болмайтын болған. Кардиохирург вакцинацияға рұқсат бермеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

16 қарашада жалпы практика дәрігері Жұлдыз Қоспанова баланың қайтыс болғанын мәлімдеді.

– Бүгін, 16 қарашада, сағат 15:00-де Атырау облысында бір жастағы бала қызылша инфекциясынан көз жұмды. Ата-анасы баласына туа біткен жүрек ақауы және қарыншааралық перде ақауы болғандықтан екпе салдырмаған. Кардиохирург баланы вакцинациялауға тыйым салған, – деп жазды Қоспанова.

Әзірше баланың қайтыс болғаны мен оған қойылған диагноз ресми түрде расталған жоқ.

«Мұндай балаларға екпе аса қажет»

Осыдан екі күн бұрын Қоспанова қызылша жұқтырған баланы санитариялық авиация арқылы Атырау облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізгенін айтқан. Алайда оның осы қайтыс болған бала екенін нақтыламады.

– Бүгін ғана қызылша жұқтырған баланы санитариялық авиациямен жұқпалы аурулар ауруханасына жібердік. Жазылып кетсе екен деп үміттенемін, – деп жазған дәрігер.

Қоспанова балалар кардиохирургтерінен жүрек ақауы бар балалардың ата-аналарына вакцинацияның маңызын түсіндіруді сұрады. Оның пікірінше, мұндай балаларды жұқпалы аурулардан қорғау аса маңызды.

Дәрігер әлеуметтік желідегі жазбаларында екпеден бас тарту жағдайларын жиі көтеріп, медицина мамандарын ата-аналармен вакцинация туралы көбірек сөйлесуге үндеді.

Сізге қызық болуы мүмкін