×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Елімізде БАҚ сауалына жауап беру мерзімін бұзғаны үшін жаза қолдану ұсынылды

11.10.2021, 17:29
фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларды қолдау регламентінің жобасы бойынша мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында «Журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларды қолдау регламентін» әзірледі. Регламентте журналистердің, мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері және журналистердің құқықтары бұзылған жағдайдағы министрліктің іс-әрекеттері көрсетілген.

Регламент жобасына сай, мемлекеттік орган басшылары (квазимемлекеттік сектор ұйымдары):

  • БАҚ өтініштерін (ақпарат сауалдарын) қарау барысында сұрақтарды уақытылы және толық қарауға қатаң бақылау орнатуы;
  • қарау мерзімдерін бұзған лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапқа тартуы тиіс.

Бұған қоса мемлекеттік орган басшыларына БАҚ сауалдары бойынша жұмысты ұйымдастыру, бақылау және іс жүргізуге жауапты нақты лауазымды тұлғаларды анықтау ұсынылып отыр.

Серіктес жаңалықтары