COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 12 қазандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 1 707 жағдай тіркелді. Елімізде инфекция жұқтырғандар саны 908 847 жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 240, Алматы қаласында - 269, Шымкент қаласында – 63, Ақмола облысында – 115, Ақтөбе облысында - 77, Алматы облысында - 137, Атырау облысында - 43, Шығыс Қазақстан облысында - 74, Жамбыл облысында - 25, Батыс Қазақстан облысында -49, Қарағанды облысында - 158, Қостанай облысында - 98, Қызылорда облысында - 28, Маңғыстау облысында - 14, Павлодар облысында - 150, Солтүстік Қазақстан облысында - 136, Түркістан облысында - 31.