×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Жаттығу залында балаларды қазақша сөйлеуге міндеттеген бапкер Парламентке шақырылды

18.10.2023, 08:32
видеодан кадр

Жаттығу залында ана тілімізде сөйлемеген балаларды сынға алып, "қазақша сөйлеңдер" деп ұрысқан бокс бапкері желіде көпшіліктің қошеметіне бөленіп қана қоймай, Парламенттен жиі төбе көрсететін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Қазақ ММА Boxing клубының жетекшісі Мұхит Амантаев Парламентке жиі барып жүр. Ол мәжіліс пен Сенат қабырғасындағы спорттық мәселелерді ортаға салып, талқылауға спикер ретінде шақырылып жүр.

Жаттығуға барған балаларға "ана тіліңде тілдесу керек" деп ақыл айтып жатқан үзінді әлеуметтік желіде тез тарап, әлі де қызу талқыланып жүр. Десе де, Мұхит Амантаевтың өзі бұлай ғана танымал болуды қаламапты.

Ол жуық арада Олимпиада чемпонын шығармай қоймайтынын айтты.

"Қазақ тілі тек қазақ баласына керек. Менің залымның өзі "Қазақ ММА Boxing" деп аталады. Атының өзі қазақ боксы болып тұр. Мен бөтен елде жүрген жоқпын ғой. Өз елім, жерім болғаннан кейін сұраймын. Менің бокс залымда міндетті түрде қазақша сөйлеуі керек", - дейді бапкер Мұхит Амантаев.

Серіктес жаңалықтары