×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанның 8 өңірінде жұмыссыздар көбейді

18.10.2023, 18:01
Қазақстанның 8 өңірінде жұмыссыздар көбейді
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары Лондондағы әріптестерімен бірлесіп жұмыспен қамту мәртебесін және оның халықтың әл-ауқатына әсерін бағалау үшін зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Зерттеу аясында аймақтық әл-ауқат индексі жасалды. Халықтың еңбек нарығының статистикалық көрсеткіштерін талдай отырып, жұмыссыздық проблемасы 20 өңірдің 8-інде: Түркістан, Маңғыстау, Жетісу, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында аса өткір екені атап өтілді",- делінген басылымда.

Жастар жұмыссыздығы проблемасы 7 өңірде: Алматы және Астана қалалары, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында ушығып тұрғаны анықталды.

"Еңбек нарығына қатысты өте маңызды мәселе – NEET жастарының үлесі, бұл көрсеткішті төмендету өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Мәселен, Ұлытау облысында NEET жастарының үлесі өте жоғары, ал Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында көрсеткіш айтарлықтай жоғары", – делінген зерттеуде.

Айта кетейік, ресми статистика бойынша елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,7% – жұмыссыздар саны 452,6 мың адам екені хабарланған.

Қазақстанда шілдеде жұмыс іздеушілер саны маусым айымен салыстырғанда 38,8 мыңға (+71%) өскен. Сондай-ақ, шілде айында 53,8 мың қазақстандық жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алған. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1%-ға артық, ал бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 96,4%-ға көп.

Сондай-ақ бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр.