×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша

11.08.2023, 14:16
tengrinews.kz

2023 жылдың ІІ тоқсанында экономиканың түрлі салаларында 9 115,1 мың адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олардың ішінде:

  • Жалдамалы қызметкерлер – 6 945,8 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,2%)
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2 169,3 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,8%)

“Өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту 144 мың адамға, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер есебінен 104,1 мың адамға, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар есебінен 39,9 мың адамға өсті”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Жұмысшылардың ең көп үлесі сауда (16,6%), білім беру (12,9%), өнеркәсіп (12,3%) және ауыл шаруашылығы (12,2%) салаларында байқалған.

Ведомство мәліметінше, елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,7% – жұмыссыздар саны 452,6 мың адам.

Айта кетейік, Қазақстанда шілдеде жұмыс іздеушілер саны маусым айымен салыстырғанда 38,8 мыңға (+71%) өскен.


 

Серіктес жаңалықтары