×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Павлодарда 6 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алу шарты заңсыз жасалған

19.10.2023, 13:23
фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың бәсекеге қабілетті емес тәсілімен таңдау фактілері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, «Еңбек-Өскемен» РМК филиалымен және «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС-мен бір көзден негізсіз жасалған шарттардың жалпы сомасы 6 млрд теңгені құрады.​

Қалалық прокуратураның қадағалау актісінен кейін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті талап-арыз жұмыстарын жүргізді. Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен 11 шарт жарамсыз деп танылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 207-бабы (мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жетісу облысында 3 млрд теңгеден астам соманың мемлекеттік сатып алулары тоқтатылғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары