×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Халық өтініш қалдыруды қойды: «Ашық диалог» платформасы неге маңызын жойды

19.10.2023, 14:50
Коллаж: ulysmedia.kz.

Талап-арызы бар азаматтар мемлекеттік органдардың басшыларына онлайн түрде өтініш немесе арыз қалдыра алатын платформаның бірі – Ашық диалог. Әйтсе де, бұл платформа арқылы азаматтар министрлер мен меморгандар басшыларына хат жазуды қойған. Не себепті? Платформа неге жұмыс істемейді? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековке қойды.

«Ашық диалог жобасы бар. Ол еговта. Қазір мемлекеттің, мемлекеттік қызметкерлердің өзгеріп келе жатқанын көріп отырмыз. Өйткені мен Министрліктер үйінің 15-ші подъезінен күнделікті жұмыстан шығам. 16 подъезде Азаматтарды қабылдау кеңсесі ашылды. Ондай мүмкіндік ешқашан болған емес. Ол жерге келіп, емін-еркін сұрақ қоя аласыз. Ол жерде отырып, сізге вице-министр немесе министр шығады. Әр өтінішті жұма сайын отырып, талқылап, азаматтарға жауап береміз. Тек сол Ашық диалог емес, е-өтініш жобасы, егов бар. Келемін десеңіз, сол жерге (Азаматтарды қабылдау орталығы) келіп, мәселені пысықтауға болады», - дейді Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Орталық коммуникацилар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

«Яғни сіз платформаның маңызын жоғалтуын биліктің ашықтығының арта түскенімен байланыстырасыз ба? Жыл басынан бері сол платформа арқылы кейбір министрлерге бірде-бір хат жазылмаған, онда оны ұстап отырудың қаншалықты қажеті бар?» деген сұрақ вице-министрге тағы қойылды.

«Жоқ, мен бұл жоба қазір керек емес деп айта алмаймын. Әр азамат өзі таңдайды. Егер оған «Ашық диалог» арқылы ыңғайлы болса, сол жоба бойынша барады. Өзім барам десе, сұрақ қоя алады. Е-өтініш бар. Кез келген министрліктің басты мақсаты – азаматтарға ыңғайлы болуы. Осындай сайттар, мүмкіндіктер болса, ол соғұрлым азаматтарға көмек. Біздің азаматтарға тезірек керек мәселесін шешуге алып келеді деп ойлаймыз», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары