×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Лукашенко Беларусьте кезекті революция қашан болатынын айтты

18.10.2021, 16:20
фото: Ашық дереккөзден

Беларусь президенті Александр Лукашенко конституциялық референдум өткізген кезде наразылықтар қайта жандануы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы «Пул Первого» telegram каналы ақпарат таратты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Назар аударыңыздар: жағдай әлі де шиеленіскен. Кезекті революция әрекетінің уақыты – конституциялық референдум өткізу кезеңі», - деді Лукашенко мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (КГБ) басшылығына.

Беларусь президенті революциямен байланысты басқа мәлімет берген жоқ, дейді gazeta.ru.

Қазір Минск Беларусьтің жаңа конституциясы жобасын даярлап жатыр. Болжам бойынша, елде референдум келесі жылдың ақпанына дейін өтеді.

Конституцияға депутаттар сайлауына қатысты өзгерістер енгізілмек.

Былтыр тамызда өткен президент сайлауында Лукашенко алтыншы рет жеңіске жеткен болатын. Осыдан кейін наразылық акциялары басталып кетті. Күш құрылымдары тәртіпсіздікті тоқтату үшін арнайы құралдар мен техника пайдаланды.

Серіктес жаңалықтары