×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қостанай ауруханалары қарызға белшеден батты

19.10.2023, 17:45
көрнекі фото, ашық дереккөзден

Қостанай облысындағы ауруханалардың кредиторлық қарызы 3,6 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Наша газетаға" сілтеме жасап.

"Облыстық мәслихат сессиясының шешімі бойынша 728 млн теңге алдық. Бұл қаражат 2022 жылғы "СК-Фармация" ЖШС алдындағы дәрілік препараттар үшін, басқа жеткізушілердің бір бөлігі алдындағы кредиторлық берешекті өтеуге жұмсалды. Биылғы қазанда сессия өтіп, депутаттар 200 млн теңге сомасына өтінімімізді қолдады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев.

Ол жылу беру маусымының басталуымен берешек мөлшері артуы мүмкін екенін жеткізді.

Данияр Жандаевтың сөзінше, медициналық ұйымдар тұрғындарды ескі тарифтер бойынша емдеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары