×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстанда бір жылда халық саны 257,1 мың адамға артты

18.10.2021, 17:07
Фото: Ашық дереккөзден

2021 жылғы 1 қыркүйекке еліміздегі халық саны 19042,1 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11287,4 мың (59,3%), ауылдықтар –7754,7 мың адам (40,7%). 2020 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 257,1 мың адамға немесе 1,4% өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

2021 жылғы қаңтар-тамызда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда  (162,5 мың адам) 10,1% өсіп, 178,9 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,14 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 296,5 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға (273,4 мың адам) қарағанда 8,4% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,44 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар 117,6 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға (93,1 мың адам) қарағанда 6% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 9,30 қайтыс болғандарды құрады.

2021 жылғы қаңтар-тамызда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 2345 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2129 шетінеген нәресте) 10,1% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,91 оқиғаны құрады.

Серіктес жаңалықтары