×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда тойға несие алуға тыйым салына ма

20.10.2023, 14:56
көрнекі фото

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтарға заңнамалық деңгейде тойға несие алуға тыйым салуға бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәдина Әбілқасымова ең алдымен қарыз алушының төлем қабілеттілігін дұрыс бағалау қажеттігін атап өтті.

"Конституция бойынша біз адамдардың белгілі бір шығындарды жұмсау құқығын шектей алмаймыз. Егер адам несие алса, қазіргі талап бойынша ай сайынғы төлемдері кірісінің 50%-ынан аспауы керек”, – деді ол.

Агенттік басшысының айтуынша, Қазақстанда қарыз алушыға борыштық жүктеменің жалпы коэффициенті енгізілмек.

"Ол ай сайынғы төлемнің қанша екенін ғана емес, сонымен бірге кіріске қатысты қарыздың жалпы мөлшерін де қарастырады. 300 мың теңге жалақы алатын адам үшін ай сайынғы төлем 150 мың теңгеден аспауы тиіс. Сонымен қатар, біз адамның кіріске қатысты алатын несиелерінің максималды көлемін шектегіміз келеді. Қазір есептеулер жүргізілуде. Мысалы, егер 300 мың теңгенің 6 жалақысын алсақ, онда барлық қаржы ұйымдары бойынша берешектің ең жоғары сомасы 1 800 000 теңгеден аспауы тиіс", - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырған азаматтардың саны артқанын мәлімдеген.

Қошанов келтірген мәліметке қарағанда, қазіргі уақытта халықтың 84 пайызында, яғни 8,4  миллионнан астам адамның қарызы бар екен. Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі – шамамен 1,4 трлн теңге. Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, халықтың қарызға белшеден батуы ауыр зардаптарға әкелуде. Мәселен, биыл несиесін өтей алмаған 12 адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Серіктес жаңалықтары