×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Петропавл шенеуніктері пәтерлер мен жер учаскелерін заңсыз таратып жіберген

20.10.2023, 15:52
фото: ашық дереккөзден

СҚО-да тұрғын үй қатынастары саласындағы заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, тексеріс барысында жер учаскелерін және жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерін өткізу барысында пәтерлерді заңсыз ұсыну фактілері анықталды.

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның талаптарын бұза отыра, облыс орталығының бір тұрғынына жалпы сомасы 85 млн теңгеге заңсыз 5 жайлы пәтерді одан алынған жалпы құны 39 млн теңгені құрайтын құрылыстарымен бірге жер учаскелері үшін орнына берген», - делінген хабарламада.

Артынан жоғарыда аталған пәтерлер үшінші тұлғаларға сатылған. Қадағалау органы сотқа пәтерлерді сату-сатып алу мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді. Соттың шешімімен прокурордың талабы қанағаттандырылды.

Бүгінгі күні сот актісі заңды күшіне енді, заңсыз алынған пәтерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Басқа жағдайда, қала тұрғыны заңның 109-бабының талаптарын бұза отыра құны 20,3 млн теңгенің жайлы пәтерін жекешелендіріп алған, алайда өзі сол пәтерде тұрмаған. Аталған әрекеттер салдарынан тұрғын үй қорынан мемлекеттің мүлкін заңсыз шығаруға әкеліп соқтырды. Аталған факті бойынша бүгінгі күні Қылмыстық кодекстің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, арнайы прокурорлармен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті прокуратура.

Сонымен бірге қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғаларымен рет-ретімен пәтерлерді ұсынғанда және тұрғын үй алуға кезекті түгендегенде жүйелі заңбұзушылықтарға жол берілген.Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтарға кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылмақ.

Айта кетейік, бұдан бұрын СҚО шенділері 54 мың гектар жайылымдық жерді заңсыз беріп жібергені анықталған.

Серіктес жаңалықтары