×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Самат Әбіш пен Марат Бекетаевтың қандай байланыстары бар

21.10.2023, 11:33
Самат Әбіш пен Марат Бекетаевтың қандай байланыстары бар
Коллаж Ulysmedia

Ulysmedia.kz ақпарат көздерінің хабарлауынша, ұсталған бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев.

Ол бұл қызметті 2016-2022 жылдар аралығында атқарған. Бекетаев Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кетті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Антикор бұрынғы әділет министрінің  ұсталғанын хабарлады, бірақ аты-жөнін атаған жоқ. Ведомство Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының шегінде толық мәлімет бере алмайтынын айтты.

Белгілі деректерге қарағанда, ұсталған азамат анық қажетсіз қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісім-шарттар жасасу арқылы аффилиирленген компанияның мүддесін қорғап, сол арқылы мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірген.

Айта кетейік, Бекетаев бірнеше жанжалмен есте қалды. Әділет министрлігінің бұрынғы басшысы қашқын Мұхтар Әблязовты қудалау ісін қадағалаған.

Сондай-ақ оның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішпен (Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені) байланысы туралы ақпарат бар - Бекетаев оның жақын достарының бірі екені айтылады.

Бекетаевтың заңсыз активтерді «қайтарумен» айналысуы тиіс консалтингтік компанияларды құруға белсене қатысқанын да білдік. Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Ұлан Байжановтың бұл алаяқтықтарды қадағаламағандықтан қызметінен босатылуына дәл осы себеп болған деген болжам бар.

Естеріңізге сала кетейік, Самат Әбіш - экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені. Ресми деректерге сәйкес, Әбіш 2022 жылдың 17 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары қызметінен босатылған, ол кезде бүкіл басшылық құрам тергеу изоляторында болған. Алайда Әбішке ол кезде ешқандай айып тағылған жоқ.