Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путин туралы жақында айтқан пікіріне қатысты ойын білдіріп, Мемлекет басшысының саяси тұлғасына баға берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
– Президент Тоқаев – саяси тұрғыдан өте мықты тұлға, орасан зор ресурсы бар адам, – деді Песков журналист Павел Зарубинге берген сұхбатында.
Кремль өкілінің айтуынша, мұндай мәлімдемелерді болашақты көре білетін, табанды әрі бірізді саясаткерлер ғана жасай алады.
– Өзгелер мұндай мәлімдеме жасай алмайды, – деді Песков.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы осылайша Тоқаевтың Берлинге сапары кезінде айтқан сөздеріне қатысты пікір білдірді.
Қазақстан президенті Владимир Путинмен қарым-қатынасы туралы айтып, Ресей көшбасшысын көрнекті мемлекеттік қайраткер деп атаған еді. Сондай-ақ Тоқаев Путинді жақсы білетінін және Ресей сияқты алпауыт мемлекетті басқаруға қажетті қасиеттерге ие деп санайтынын мәлімдеді.