×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Орал әкімдігі жол ақысын қайта қарауда

21.10.2023, 16:19

Әкімдіктегілер тарифті 120 теңгеге дейін көтеру орынсыз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орал қаласының әкімдігі жаңа қаулы жобасын дайындаған, оған сәйкес қоғамдық көлікте жүру ақысын 120 емес, 100 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр.

Мой город” басылымының жазуынша, алғашқы жоба 26 қыркүйекте жарияланды. Онда тариф мынадай ретпен ұсынылды:

  • қолма-қол ақшасыз төлемдер – 120 теңге (қазір 80 теңге),
  • қолма-қол – 200 теңге (қазір 150 теңге).

Орал тұрғындары тарифтің көтерілуіне қарсылық танытып, жолақыны көтеру мәселесін қызу талқылады. Әкімнің орынбасары мұнсыз қаладағы жолаушылар көлігі «тұрып қалады» деп түсіндірді.

12 қазанда Қоғамдық кеңес өзгерістерді қолдады. Алайда, 14 жасқа дейінгі балаларды қамтуды, студенттерге жол жүру картасын беруді және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға тарифті төмендетуді сұрады.

20 қазанда Орал әкімдігі ұсыныстарды қарастырып, жеңілдіктер тобын кеңейту бойынша есеп-қисап қорытындысына сүйене отырып, тарифті 120 теңгеге дейін көтеру орынсыз екенін мәлімдеді. Ал қосымша табыс жасау, субсидияларды үнемдеу мәселесін шешпейді.

“Әкімдік жаңа қаулы жобасын дайындап, оған сәйкес тарифті 100 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр. Бұрынғы қаулы жобасында ұсынылған жолаушылардың жеңілдік санаты өзгеріссіз қалады”, - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары