×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ауғанстандағы зілзала: қаза тапқандардың арасында әйелдер неге көп

22.10.2023, 09:45
hromadske.ua

7 қазанда Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың 90%-ы әйелдер мен балалар болып шыққан, деп жазады БҰҰ. Бұл Талибан қозғалысының қатаң шектеулеріне байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Күшті жер асты дүмпулері елдің батысындағы Герат провинциясында тіркелді. Бұл жер сілкінісінен 1300-ге жуық адам қаза тапты, деп растады БҰҰ.

Неліктен өлгендердің арасында әйелдер мен балалардың көп екенін түсіну үшін журналистер дәрігерлермен, куәгерлермен және белсенділермен сөйлесіп көрді.

Олардың пікірінше, басты себеп - Талибан қозғалысының қатаң шектеулері.

Гераттық әйел дәрігер Салма жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен аймақтарға жетіп, жаралы әйелдерге алғашқы көмек көрсеткен. Ол жараланғандар мен қаза тапқандардың арасында әйелдердің қаншалықты көп екенін өз көзімен көрген.

«Мен Талибан мүшелері тұратын ауылда болдым. Кейбір ер адамдар жараланған немесе өлген әйелдерге қол тигізуге рұқсат етпейді», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары