×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

"Оған Қазақстанда орын жоқ": Адамбай Макаревичтің Алматыдағы концертін тоқтатуды талап етті

23.10.2023, 08:02
Коллаж: Ulysmedia.kz

Белгілі режиссер әрі актер Нұртас Адамбай Алматыда ресейлік музыкант Андрей Макаревичтің концертін өткізуге тыйым салуға шақырды. Қазақстандық өнер иесінің мұндай ұсынысына Ресей өкілінің Таяу Шығыстағы соғысқа қатысты ұстанымы себеп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Андрей Макаревич өзінің Instagram парақшасында Израиль армиясына сәттілік тіледі. Неде сәттілік? Палестинаның бейбіт тұрғындарын өлтіруде ме? Бұған дейін ол "өзіне мылтық берілмейтініне" өкінішін білдірді. Демек, оның өзі де бұл қылмыстарға қатысудан кетәрі емес пе?",- деп жазды Нұртас Адамбай.

Андрей Макаревичтің Алматыдағы концерті 1 желтоқсанға жоспарланған.

"Жеке өзім оның біздің елге келуіне қарсымын. Мұсылмандарды өлтіруді қолдайтындар үшін Қазақстанда орын жоқ. Макаревичтің біздің еліміздегі концертін тоқтатуға қол жеткізу керек! Ағайынды қырғыздар да оның Бішкекке келуіне қарсы", - дейді актер.

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғаннан бері Макаревич Израильде тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Газа секторын бақылайтын ХАМАС содырлары 7 қазан күні таңертең Израильге шабуыл жасады. Олар бүкіл елге мыңдаған зымыран жаудырып, кейін бейбіт тұрғындар мен әскери күштерді өлтіріп, кепілге алған шекаралас аймақтарға кірді. Израиль қорғаныс армиясы Газа секторына жаппай соққы бере бастады. Израиль билігі соғысқа дайын екендіктерін мәлімдеп, ашық шабуылға кірісті.

Серіктес жаңалықтары