×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"Осы елдің бір бөлшегімін": ДДСҰ басшысы қазақтармен туыстығы жайлы еске салды

23.10.2023, 12:19
фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Астанада өткен конференцияда сөз сөйлеп, Қазақстанның өз өміріндегі рөлі туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өз сөзінде ДДСҰ бас директоры Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ, Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дұрыс дамыта отырып, халықтың әл-ауқатын көтергенін айтты.

"ДДСҰ Қазақстанда кеңсе ашқанымызды мақтан тұтады. Мен үшін Қазақстанның орны ерек. Менің келінім қазақ, екі немерем де қазақ. Менің ойымша, Қазақстан – менің бір бөлшегім, ал мен – осы елдің бір бөлшегімін", - деді ол.

Айта кетейік, Тедрос Адханом Гебрейесус – белгілі ақын Жүрсін Ерманның құдасы. ДДСҰ басшысының үлкен ұлы Жүрсін Ерманның жиен немересіне үйленген.

Серіктес жаңалықтары