×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Заңсыз жекешелендірілген Инвестициялық қор мемлекетке қайтарылып жатыр

23.10.2023, 14:23
фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ заңсыз жекешелендіру фактісі бойынша тергеу жалғасып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу барысында «Бәйтерек» «ҰБХ» АҚ меншігіне құны 63,3 млрд теңге болатын ҚИҚ-ның 100% акциясын қайтару қамтамасыз етілді. Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу басталған кезде қордың Қазақстанның Даму Банкі алдында 18,7 млрд теңге көлемінде борышы болған.

“Агенттікпен қабылданған шаралармен, соның ішінде қолма-қол ақшамен өтеу есебінен берешек үш есеге төмендетілді. Сонымен қатар, 12 еншілес компания Қордың бақылауына қайтарылды. Бұл - металл конструкцияларын, жол және құрылыс битумын шығару, шиналарды және ірі қара малдың терісін қайта өңдеу, қағаз-картон өнімдері, желімделген ағаш конструкциялар, бағыттамалы бұрмаларды шығару зауыттары және полиграфия. ҚИҚ балансына Алматы қаласындағы бизнес-орталықтың ғимараты және Алматы облысындағы құны 1,6 млрд теңгеден асатын жер учаскелері қайтарылды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, «Dosjan Temir Joly» АҚ жылына небәрі 100 млн теңгеге 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт жойылды. Кәсіпорынның 2022 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдасы 1,3 млрд теңгені құрағанымен, бастапқы бағалау кезінде бұл ескерілмеген.

Бұдан бұрын ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыров Инвестициялық қордың төмен бағамен сатылып кеткенін мойындаған.

Еске салайық, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ активі –  "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының сатылуы қоғамда біраз дау туғызды. Бірқатар БАҚ-та жүргізілген мәміле туралы ақпарат пайда болды. Нақтырақ айтқанда, мемлекет қорды 3 есе арзанға сатқаны айтылды.

Ulysmedia.kz көп дау тудырған келісімде қандай қитұрқылық барын анықтап көрген.

Инвестициялық қорды сатып алушы – "D-Personnel" ЖШС. Ашық дереккөздер мәліметінше, компания Түркістанда тіркелген, жетекшісі – Ильмурат Мәжитұлы Ахметов. Ұйым 2017 жылы мемлекетке 5 миллион теңгеден астам салық төлеген, бірақ ешқашан қосымша құн салығын төлемеген.

2020 жылы Қазақстанның инвестициялық қоры аудит рәсімінен өтіп, жақсы көрсеткіштер көрсетті. Қор шоттарында 13,7 млрд теңге, тағы 4, 7 млрд теңге бағалы қағаздарда және 12 млрд теңге ұзақ мерзімді активтер тіркелген.

Анықталған кемшіліктердің бірі – ҚДБ алдында іске асырылмаған шыны зауыты үшін 17 млрд теңге кепілдігі, бұл жағдайға қатысты жанжалдан кейін бұрынғы министр және "Бәйтерек" холдингінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев түрмеге түскен еді.

Серіктес жаңалықтары