×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Шымкентте белгісіз сұйықтықтан 22 адам уланған

26.04.2024, 00:45
Фото: 24.kz

Зардап шеккендердің айтуынша оларға жол жиегінде тұрған жүк көлігінен аққан сұйықтық әсер еткен деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Тұншығу, жүрек айну 

"Өтіп бара жатқан адамдар өздерін нашар сезінген. Тұншығып, қышынып және жүрек айныған. Автокөлік елді мекендерден қауіпсіз қашықтыққа қойылды. Жүргізуші бөшкеде не бар екенін білмейтін болып шықты, - деп хабарлады құзырлы орган. 
 

Экология департаментінің мәліметі бойынша, ауада аммиак, пропан, метан және көмірсутектің мөлшері артқан. Қазір белгісіз сұйықтықтың не екені анықталып жатыр. 

"Уланғандар арасында 2021 және 2023 жылы туған екі бала бар. Алғашқы көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта барлық науқастар үйіне жіберілді", - деді бас дәрігер  Т. Орынбаева.

Серіктес жаңалықтары