×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Мектептер дайын болсын: Ескертусіз тексерістер басталады

26.04.2024, 00:10
Әлеуметтік желіден

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Жоспардан тыс тексеруге болады

Биыл сәуірде әйелдер мен балалардың құқығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заңға қол қойылды. 

“Заң шеңберінде жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі өзгерді. Енді еліміздің білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулерді субъектіні алдын ала хабардар етпей және тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз жүргізуге болады. Бұл норма балалардың құқығы бұзылған жағдайда тексеріске дайындалуға мүмкіндік бермейді,” - деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Балалардың құқығын қорғау комитеті білім беру ұйымдарына тұрақты негізде тексеріс жүргізеді. Мысалы, жақында Ақтөбе облысында 2 мектептің 1-4 сынып оқушыларын және халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларынан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз етуде заң бұзылғаны анықталды. 

Талапты орындамаған лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралар қабылданды. Бүгінде бұл заң бұзушылықтар жойылды. 

Қазақстан бойынша мұндай тексерістер жалғасады. 

 

Серіктес жаңалықтары