×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қаңтар оқиғасы әуежайлардың осалдығын көрсетті: Қазақстанда әуе қауіпсіздігі қызметі құрылады

24.10.2023, 09:55
Қаңтар оқиғасы әуежайлардың осалдығын көрсетті: Қазақстанда әуе қауіпсіздігі қызметі құрылады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Елімізде бірыңғай әуе қауіпсіздігі қызметін құру ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Көлік министрлігі әзірлеген заң жобасында 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар "деструктивті азаматтардың әрекеттерінен әуежайлардың стратегиялық нысандар ретінде осалдығын көрсетті" делінген.

Сондай-ақ, құжатта әуе қауіпсіздігі қызметі қызметтік қаруды сатып алу, сақтау және пайдалану құқығына ие болатыны айтылған.

Заң жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды және 7 қарашаға дейін талқыланбақ.

Еске салайық, 2022 жылдың басында Қазақстанда Жаңаөзенде газ бағасының көтерілуіне наразылық білдіруден басталған Қаңтар оқиғасы бірнеше қаладағы тәртіпсіздікке ұласқан еді. Оны басу үшін Қазақстан ҰҚШҰ елдерінің қарулы күштерін шақырды. Билік тәртіпсіздіктер үшін "террористерді" айыптады.

Қаңтарда Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, журналист Әйгерім Тілеужанды 4 жылға бас бостандығынан айырған еді. Қалас Нұрпейісов пен Нұрлан Дәлібаев 8 жылға сотталды. Сот үкімімен Ермұхамет Шілібаев пен Жанайдар Кәрменов те 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Адвокаттар белсенділерді, соның ішінде Әйгерім Тілеужан кінәлі деп тауып, бірнеше жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді.

Апелляциялық соттың 26 қыркүйектегі отырысында судьяның әрекеті тек әлеуметтік желілерде ғана емес, адвокаттар қауымдастығында да дау тудырған-ды. Құқық қорғаушы Бақтияр Ғалымжанов кәсіби қоғамдастық бұл фактіге бей-жай қарамайтынын және адвокат әріптестерінің қадір-қасиетін қорғау үшін Конституциялық сот пен БҰҰ-ға жүгінетінін айтты.