×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған науқастардың бірі қайтыс болды

27.10.2023, 08:26
Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған науқастардың бірі қайтыс болды
фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Топар кентінде сібір жарасын жұқтырып, жан сақтау бөлімінде жатқан 1948 жылғы науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы облыстың Денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

«Пациенттің өліміне сібір жарасы ауруының ауыр сатысы және қатар жүретін ауыр дерттердің болуы себеп болды. Сонымен қатар, науқастың медициналық көмекке кеш жүгінуі де әсерін тигізді», - делінген хабарламада.

Дәрігерлер сібір жарасын жұқтырған қалған екі науқастың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қарағанды облысының Топар ауылында үш адамнан сібір жарасының анықталуына байланысты карантин жарияланған. Әкімдіктің хабарлауынша, Абай қаласынан кіреберісте көліктерді санитарлық өңдеуге арналған бағана орнатылған.