×
449.88
486.64
4.83
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.88
486.64
4.83

Қазақстанда әуежайлардың VIP-залында қызмет көрсетілетін тұлғалардың тізімі кеңейтілді

27.10.2023, 13:02
Максим Споткай, Ренат Айтаев, Наиль Ахметзакиров/Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстан үкіметінің қаулысы бойынша әуежайлардың арнайы бөлінген залдарында қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі өзгереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тізімге Қазақстанның сот әкімшілігінің басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ Конституциялық соттың судьялары, сот алқаларының төрағалары мен Жоғарғы соттың судьялары қосылды.

Бұдан басқа, тізбеге Парламент палаталары мен Конституциялық сот аппараттарының басшылары енгізілді.

Тізімге барлығы 50-ден астам адам енген, оның ішінде президент, премьер-министр, министрлер және т. б бар.

Айта кетейік, Қазақстанның сот әкімшілігінің басшысы – Наиль Ахметзакиров. Сенат, Мәжіліс және Конституциялық сот аппараттарының басшылары лауазымдарын Максим Споткай, Ренат Атаев және Зере Өтебаева атқарады.

Қаулы 2023 жылғы 6 қарашадан бастап күшіне енеді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанда әуе қауіпсіздігі қызметі құрылады

Көлік министрлігі әзірлеген заң жобасында 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар "деструктивті азаматтардың әрекеттерінен әуежайлардың стратегиялық нысандар ретінде осалдығын көрсетті" делінген.

Сондай-ақ, құжатта әуе қауіпсіздігі қызметі қызметтік қаруды сатып алу, сақтау және пайдалану құқығына ие болатыны айтылған.

Серіктес жаңалықтары