×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Үй алудың жалғыз жолы емес – Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасы жайлы

27.10.2023, 12:28
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин "7-20-25" ипотекалық бағдарламасына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Ұлттық банк президенттің тапсырмасы аясында жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Бағдарлама 2029 жылға дейін жұмыс істейді. Мен Ұлттық банк бағдарламаны тоқтатады демес едім. Бағдарлама бюджеті 1 трлн теңге болды. 2022 жылдың соңында шамамен 850 млрд теңге игерілді, 2023 жылға 100 млрд теңге бөлінді және 2029 жылға дейін 100 млрд теңгеге дейін бөлінетін болады", - деді ол.

Бөлінген ақшаның тез таусылып, адамдардың өтініш беру мүмкіндігінен қағылатыны туралы сұраққа Тутушкин бұл үй сатып алудың жалғыз жолы емес деп жауап берді.

"Бұл ипотекалық несиелеудің жалғыз бағдарламасы емес. Ол қосымша және ынталандыру шарасы ретінде қабылданды", - деді ол.

Айта кетейік, Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Ғалымжан Пірматов алдағы уақытта елімізде жаңа ипотекалық бағдарламаларды іске қосу жоспарланбағанын мәлімдеген.

«Ұлттық банктің күн тәртібінде ипотекалық несиені қаржыландырудың қосымша жеңілдетілген бағдарламасы жоқ. Біз Ұлттық банктің экономиканы қаржыландыруға қандай да бір қолдау көрсетуге қатыспауын қалайтынымызды бірнеше рет айттық және онымыз дұрыс деп санаймыз. Бұл жеңілдетілген қаржыландырудың барлығы біздің басты мақсатымыз – инфляцияны төмендету», - деді Пірматов.

Бұдан бұрын Қазақстанда мемлекеттік қолдаудың қысқаруы нарықтық ипотекаға сұранысты өсіргені хабарланған.

Сарапшылардың деректері бойынша, ипотекалық нарықта Отбасы банкінің жеңілдікті бағдарламалары бойынша мөлшерлемелердің өсуі және оларды беру шарттарының өзгеруі, сондай-ақ 2023 жылға арналған "7-20-25" бюджетінің 100 млрд теңгеге дейін (әр тоқсанға 25 млрд теңгеден) шектелуі аясында жаңа қарыздар берудің күрт төмендеуі байқалады.

Серіктес жаңалықтары