×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Назарбаев «КТК» телеарнасы акцияларының бір бөлігінен айырылды

27.10.2023, 16:48
Назарбаев «КТК» телеарнасы акцияларының бір бөлігінен айырылды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Тиісті шешім Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Телеарна акцияларының 1 пайызынан сәл астамы алынады – 31 250 дана. Сотта "Коммерциялық телевизиялық арна" АҚ акцияларының 1% сыйға тарту шарты жарамсыз деп танылды.

2014 жылы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ сауда-саттықта "К" АҚ акцияларының 1,0772% (31 250) сатуға шешім қабылдағаны анықталды. Алайда аукцион қорытындысы бойынша сауда-саттық әлеуетті қатысушылардан қатысуға өтінімдердің болмауына байланысты өткізілмеген деп танылған.

"Бұдан әрі 2015 жылдың қазан айында жауапкерлер арасында акциялар пакетінің 1,0772% өтеусіз негізде беру жүзеге асырылды және акцияларды сыйға тарту шарты жасалды", - делінген сот хабарламасында.

Заңға сәйкес мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару мынадай түрде жүзеге асырылады:

- аукцион және тендер нысанындағы сауда-саттықта, қор биржасындағы сауда-саттықта, конкурста екі кезеңдік рәсімдер арқылы сату, туынды бағалы қағаздарды сату арқылы мемлекеттік мүлікті жекешелендіру;

- мемлекеттік мүлікті тікелей атаулы сату арқылы жекешелендіру;

- мемлекеттік мүлікті тәртіппен және шарттармен сауда-саттықсыз иеліктен шығарудың өзге де тәсілдері.

"Осылайша, акцияларды "К" АҚ пайдасына сыйға тарту тиісті шарт жасасу сәтінде қолданыста болған заңнама талаптарына қайшы келді. Бұл "К" АҚ-ға акцияларды өтеусіз негізде сату түрінде заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге әкелді. Сот шешімімен жауапкерлер арасында жасалған акцияларды сыйға тарту шарты жарамсыз деп танылды", - деп хабарлады сот.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ulysmedia.kz басылымның бас редакторы Самал Ибраева тарихшы, журналист Сұлтанхан Аққұлұлымен  Кенесары ханның бассүйегіне қатысты саяси даулар туралы сұхбаттасқан.

Сұхбатта тарихшы ел тәуелсіздігінің құны туралы және халқымыздың мүдделері мен армандарын құнсыздандырғандар туралы айтты.

Сұлтанхан Аққұлұлы Назарбаевтың ұлы билеуші болуға деген амбициясы, оның Ресейге баруы және тарихтың болашақ ұрпақ үшін маңыздылығы жайлы әңгімеледі.