×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ArcelorMittal шахтасында жарылыс болды: 11 адам қаза тапты

28.10.2023, 08:19
ArcelorMittal шахтасында жарылыс болды: 11 адам қаза тапты
Фото: Ашық дереккөз

Қарағандыдағы Костенко шахтасында («АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі) жарылыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Компанияның айтуынша, лавада газ метан жарылысы болды деген болжам бар.

Оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты.

Қазіргі таңда оқиға орнында жедел штаб құрылды, оның құрамына жауапты тұлғалар мен кеншілер кірді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсету үшін оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техника және үш психолог жұмыс істеуде.

Айта кетейік, «Қазақстан» кенішінде («АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі) жақында болған қайғылы оқиғадан бері небәрі 2 ай өтті.

Жақында «Қазақстан» кенішіндегі өртке компания басшылығының 100% кінәлі екені белгілі болды.

АМТ кәсіпорындарындағы өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың барлық шектен шыққан статистикасы интернет қолданушылардың ғана емес, мемлекет басшысынан бастап шенеуніктердің де наразылығын тудырды. 

23 сәуірде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ заңгері Ирина Эм өлтірілгені белгілі болды. Оның зорлық-зомбылық белгілері бар денесін шақыртуға келген Шахтинск қаласының өрт сөндірушілері тапты.