×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

«Достар» сериалының жұлдызы Мэттью Перри қайтыс болды

29.10.2023, 10:43
Getty Images

Голливуд актері Мэттью Перри өз джакузиінде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАҚ актердің Лос-Анджелестегі үйінде джакузиден өлі табылғанын жазып жатыр.

Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған, бірақ оның себебі әлі белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, ол суға батып кеткен.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері оқиға орнынан ешқандай заңсыз зат таппағаны мәлімдеді.

Мэттью Перри 1969 жылы 19 тамызда Массачусетс штатында дүниеге келген.

Ол көптеген фильмдер мен телехикаяларда ойнады, бірақ көрермендер оны “Достар” сериалындағы Чандлер Бинг рөлін сомдағанын жоғары бағалайды.

Айта кетейік, 2021 жылы «Достар» телехикаясында кофехана менеджері Гюнтердің рөлін сомдаған актер Джеймс Майкл Тайлер 59 жасында қайтыс болған.

Джеймс Майкл Тайлер 24 қазан күні таңертең Лос-Анджелестегі үйінде простата обырының төртінші сатысымен ұзаққа созылған күрестен кейін көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары