×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

“Қонақтардан сақ болыңыз”: Павлодарлық азаматты интернетте танысқан ғашығы сан соқтырып кетті

27.04.2024, 00:35
Әлеуметтік желіден

Павлодарлық азамат интернет арқылы қызбен танысамын деп зардап шекті деп хабарлайды, Ulysmedia.kz 

Бойжеткенмен танысқан 

Бұл туралы Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Жергілікті тұрғын интернетте белгісіз бойжеткенмен танысып, мүлкінен айырылып қалған. 

Ер адамның  интернетте белгісіз бойжеткенмен танысып, бірге уақыт өткізу үшін үйіне шақырған. Бірақ бойжеткен  кеткеннен кейін ер адам Samsung маркалы ұялы телефонының жоғалып кеткенін байқаған. 

«Тергеу барысында қыздың уақыт жоғалтпай, ер адамның телефонының банктік қосымшасынан өзіне 57 мың теңге аударып үлгергенін, ал ұялы телефонын ломбардқа тапсырғаны анықталды. Түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді», - делінген Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қонақтардан сақ болыңыз

Тәртіп сақшыларының сөзіне сенсек, ұялы телефон ұрлығы бойынша қылмыстардың 59 пайызын бұрынғы таныстар немесе қонаққа келген адамдар жасайды. 

Олар үй иесінің сенімін пайдаланып, үйден шығарда белгілі бір мүлкін ұрлайды. 

Серіктес жаңалықтары