×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Жай ғана форс-мажор: Астана әкімдігі қалада коммуналдық проблемалар барын жоққа шығарды

30.10.2023, 15:41
фото: ашық дереккөзден

Астана әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов қалада күрделі коммуналдық проблемалар жоқ екенін айтты. Ол 29 қазанда болған апатты "келеңсіз жағдай" деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана әкімдігінде өткен брифинг барысында журналистер түнде болған апат коммуналдық шаруашылықта күрделі жүйелік проблемалар барын көрсете ме деп сұрады. 

"Мен бұл жүйелік проблемалардың салдары деп айтпас едім. Кешегі штаттан тыс жағдай, келеңсіз жағдайлардың жиынтығы болуы мүмкін. Қысым болған кезде солай болуы мүмкін. Бұл инженерлік инфрақұрылым болғандықтан, бір жерде кабель бұзылады, бір жерде желілер тозады. Сондықтан мен бұл жүйелік проблемалардың салдары емес, штаттан тыс жағдай деп айтар едім", - деп жауап берді әкімнің орынбасары.

Оның айтуынша, жылыту маусымы қарсаңында барлық технологиялық жабдықтар, барлық инженерлік инфрақұрылым тексеруден өтті.

Нұркенов нысандардың әрқайсысы сынақтан өткеннен кейін дайындық паспортын алғанын мәлімдеді.

"Сондықтан технологиялық тұрғыдан жабдықтар дайын болды, ал кешегі жағдай – бұл төтенше жағдай, форс-мажор", - деп қосты ол.

Еске салайық, 30 қазанға қараған түні Астанадағы 100 мың абонент жарықсыз, сусыз, жылусыз қалды. Энергетика министрлігі 21:58-де ВЛ-110кВ қалалық сақинасы бойынша авариялық өшу орын алғанын хабарлады. 

Серіктес жаңалықтары