×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Ел аумағынан ағаштың кейбір түрін әкетуге тыйым салынбақ

19.10.2021, 12:30
фото: Pixabay

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Үкімет ел аумағынан ағаштың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салмақ. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың басшылығымен өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында белгілі болды, дейді үкімет.

Атап айтқанда, ресейлік ағаштың рұқсатсыз қайта экспортталуын болдырмау, отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін ағаштың жекелеген түрін қай елде шығарылғанына қарамастан, 6 ай мерзімге дейін ел аумағынан әкетуге тыйым салынды. Мұнымен қоса, премьер-министр орынбасары әкетуге мораторийді алып тастау туралы шешім қабылданғанға дейін әр 6 ай сайын шектеулерді автоматты түрде ұзарту туралы ұсынысты мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары