×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ең егдесі – 79 жаста: Қазақстанда банкрот деп танылғандар статистикасы жарияланды

31.10.2023, 15:10
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде банкрот деп танылғандардың арасында ерлер мен әйелдер үлесі қанша екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, кейбір заңнамалық кедергілер салдарынан өтініш берген қазақстандықтардың көбі банкроттық рәсімге сай келмей отыр. Сондықтан ведомство заңға өзгертулер дайындап жатыр.

«Біріншіден, соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту ескерілген. Себебі қазір бірқатар қаржы ұйымдары (лицензиясынан айырылған, жабылған) тиісті тізімде болмағандықтан, біраз адам өтініш бере алмай отыр. Сондықтан заңнамаға өзгеріс енгізбекпіз», – деді Е. Біржанов.

Сондай-ақ, азаматтарды соттан тыс банкроттықты қолдану туралы өтінішке қосымша құжаттарды қоса беру міндетінен босату және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау көзделіп отыр.

Вице-премьер елімізде банкрот деп танылғандардың статистикасына тоқталды.

«Олардың арасында ер азаматтар 58 пайызды, ал әйелдер 42 пайызды құрады. Банкроттық берілген ең егде жастағы адам 79-да екені анықталды. Ол кісі Қызылорда облысында тұрады. Ең жасы Алматы облысының тұрғыны - 20 жаста», - деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, бұдан бұрын премьер-министр Қазақстанда 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылғанын мәлімдеді. Ол адамдарда «банкрот болсақ, қарызды жаба салады екен» деген қате түсінік болмауы тиіс екенін, бұл – үлкен жауапкершілігі мен белгілі бір шектеулері бар маңызды қадам екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары