×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Мені түрмеге отырғызуға тырысып жатыр»: Экс-депутат Әлтаевтың ісі жабық режимде өтетін болды

31.10.2023, 16:27
Ulysmedia

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-мәжілісмен, тіркелмеген "Е тірегі" партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаевтың ісін жабық режимде өткізуді сұраған. Сот оның өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлтаевтың өзі сотқа таяқ ұстап келді. Сот залына экс-мәжілісменнің туған-туыстары, адвокаттарымен бірге жақтастары да келген. Олар сот басталмай тұрып, конвойлардан Әлтаевпен амандасуға мүмкіндік беруді талап етті.

Прокурор экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаевқа қандай айып тағылып отырғанын айтты. Оның сөзінше, экс-мәжілісмен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тұрған кезде “2018-2020 жылдар аралығында делдалдар арқылы 50 млн теңгеден артық пара алған”. Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша қозғалған.

Сотта Нұржан Әлтаев өзіне тағылған айыпты “сандырақ” деп атады.

Алдын ала тыңдауда судья Айжан Күлбаева тараптардың қандай өтініш-арыздары барын сұраған. Адвокаттар Нұржан Әлтаевтың денсаулығында кінәрат барын, егде анасы мен балалары барын айтып, сотталушыны үйқамаққа жіберуді өтінген. Алайда сот ол ұсынысты қанағаттандырмады. Қылмыстық істің салмақты баппен қозғалғанын алға тартты.

Адвокаттар депутаттың әйелін қорғаушы етіп тағайындау туралы өтініш білдірді. Алайда сот одан да бас тартты. Әлтаевтың әйелі бұл істе куәгер екенін аргумент қылды. Одан бөлек, қорғаушылар Әлтаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, оны бас бостандығынан айыру орнынан үйқамаққа жіберуді өтінді.

– Әлтаев елден кетуге тырыспады, ол Мырзахметов немесе басқа біреу секілді әуежайда ұсталған жоқ. Билет те сатып алған емес ол үшін. Әлтаевтың алда қамалуы мүмкін екені жөнінде ақпаратттар 2023 жылдың 6 сәуірінде босатылғаннан пайда болған. Мырзахметов (Асқар – авт.) егер ол өз қызметін тоқтатпаса, ол да, Әлтаев та ұсталатынын ескерткен”, – деді адвокат Дүйсенова.

Қорғаушылар сонымен қатар Әлтаевтың денсаулығы нашар екенін айтып, жас балалары, анасы барын алға тартып, үйқамаққа жіберуді өтінген. Адвокат Дүйсенова одан бөлек 2018-2020 жылдар аралығындағы Абылай Мырзахметовтың банк шотынан ақша аударымдарының бар-жоғын білу үшін үзінді көшірмелерді талап етуді сұрады.

Адвокаттар арыз берушінің өзін тексеру керек деп есептейді. Істе дәлел ретінде тартылып отырған күнделіктің өзіне күмәнданады. “Керек болса ондай күнделікті қазір де толтыра салуға болады” дейді.

Прокурор куәгерді қорғау мақсатында жабық сот отырысын өткізу туралы өтініш білдірді. Оның сөзінше, іс бойынша куәгер Әміровті “белгісіз біреулер қорқытқан”. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, прокуратураға куә Әміровтен процесті жабық режимде өткізу туралы өтініш түскен. 

– Қазақстан билігі жұртшылықтан, БАҚ-тан, ашық процестен қорқады. Егер Әміровке қауіп төніп тұрса, онда қылмыстық іс қозғау керек", – деп Әлтаевтың өзі қарсылық білдірді.

Ол сондай-ақ сотта үлкен фамилияларды атауға уәде берді.

Үзіліс кезінде Әлтаев журналистерге іс бойы облыс әкімдерінің бірін атады. Әлтаевтың марқұм Бердібек Сапарбаевтың бауырын (Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев) атады. Оның бұл іске қандай қатысы бар деген сұраққа Әлтаев “заттай дәлелдемелер ішінде Мырзахметовтың көмекшісінің телефонында сонымен переписка бар, сол перепискада үлкен ақша туралы жазылады” деді. 

Әлтаевтің пікірінше, қазір елде саяси белсенділерге қарсы күрес жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары