×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстандық отынның маңызы артты: Францияға қанша тонна уран экспортталды

02.11.2023, 08:35
фото: ашық дереккөзден

Эммануэль Макронның Қазақстанға сапарының негізгі мақсаттарының бірі - уран экспорты бойынша екі ел арасындағы сауда қатынастарын жақсарту болды. Айта кету керек, соңғы жылдары Францияға радиоактивті металды сату айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2023 жылдың алғашқы сегіз айында Францияға экспортталған уран көлемі 632 тоннадан асты, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 1 мың 410 тонна деңгейінде болған. Сарапшылар қазіргі деңгей 2017 жылдан бері ең төменгі деңгей екенін атап өтті.

Ақшалай түрде экспорт шамамен 79,4 миллион АҚШ долларын құрады, бұл - 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы нәтижелердің жартысына жуығы. Сонымен бірге Францияның уран экспортының жалпы құрылымындағы үлесі де төмендеді: 2022 жылдың қорытындысы бойынша 10% болса, қазір небары 5%.

Бірақ Франция үшін қазақстандық радиоактивті кеннің маңызы барған сайын артып келеді, әсіресе, Нигерден отын жеткізудегі шектеулер аясында. Еліміздің кеден басқармасының мәліметінше, 2022 жылдың тамызы мен 2023 жылдың шілдесі аралығында Қазақстан уранның негізгі жеткізушісі болған. Биыл қазақстандық кеннің үлесі шамамен 24%-ды құрады, 2022 жылы бұл көрсеткіш – 22%, 2021 жылы – 18% деңгейінде болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Франция мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың энергетикалық қауіпсіздік үшін маңызы жөнінде айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары