×
449.88
486.64
4.83
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.88
486.64
4.83

Газ экспорты, мұнай транзиті: Мырзағалиев Германия мен Өзбекстанның сұранысы жайлы айтты

02.11.2023, 12:43
Коллаж: Ulysmedia.kz

"ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев журналистердің Германияға газ жеткізу және Қазақстан аумағы арқылы мұнай транзитіне қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мағзұм Мырзағалиев Германияға газ жеткізу тоқтамағанын атап өтті.

"Біз жыл сайын шамамен 1,2 мың тонна жеткіземіз. Яғни, айына 100 мың тонна экспорттаймыз. Өзбекстанның қажеттіліктері үшін мұнай транзитіне келетін болсақ, шамамен 300 мың тонна транзит туралы уағдаластық бар. Іс жүзінде біз түскен өтінімдерге сүйене отырып, транзит көлемін сәл азайтамыз.

Өзбек компаниялары Қазақстан арқылы үлкен көлемде мұнай жеткізуге мүдделі. Біз негізінен дайынбыз. Бүгінгі таңда бізде тиісті уағдаластықтар бар", - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан "Дружба" құбыры арқылы Германияға экспортталатын мұнай көлемін ұлғайту мүмкіндігін талқылап жатқаны хабарланған.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, мұнай экспортының көлемін жылына 1,2 миллион тоннадан 2 миллион тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда. Ол келіссөздер жүргізілгеннен кейін түпкілікті көлем белгіленетінін атап өтті.

 

Серіктес жаңалықтары