×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстан Францияға жылқы етінің экспортын арттырады

02.11.2023, 12:06
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жұманғарин Астанаға келген француз делегациясымен жылқы етін экспорттау жөнінде әңгімелескендерін айтты.

«Франция — жылқы етін тұтынатын ел. Қазір бізде 32 жеткізуші Жапонияға жылқы етін апарып жүр. Енді Францияға жеткізілім көлемін арттыру керек. Кеше француз делегациясына жылқы етінен дәм татқыздық. Оларға ұнаған сияқты», – деді вице-премьер.

Үкімет басшысының орынбасары Қазақстанда жылқы етінің өндірісі артқанын атап өтті.

«Етті жылқы тұқымдары негізінен батыста — Көшім және Мұғалжар нәсілдері. Қазір тәжірибелік стансалар базасында Ақтөбеде мал шаруашылығы институтының жеке филиалын ашамыз. Ол филиал тек жылқы шаруашылығымен айналысады», — деді ол.

Айта кетейік, кеше Франция президенті Эмманюэль Макрон Астанаға ресми сапармен келді.

Тоқаевпен кездескен Макрон Қазақстанның қандай да бір державалардың вассалы болудан бас тартқан жолын құрметтейтінін мәлімдеді.

Президенттер арасындағы келіссөзден кейін екі елдің ресми делегация мүшелері 6 құжатқа қол қойды.

Серіктес жаңалықтары