×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

«Алтын Орда» базарындағы заңсыздықтар: Болат Назарбаев жауапқа тартыла ма

02.11.2023, 12:36
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевты Алтын Орда базарындағы бұзушылықтарға қатысты іс бойынша жауапқа тартыла ма сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сауда министрлігінде өткен брифинг барысында министрден Орталық Азиядағы ең ірі Алтын Орда базарын тексеру қорытындысы жайлы және Болат Назарбаев сауда желісінің иелері қатарында бар-жоғы сұралды.

– Біз көрген, зерттеген құжаттарға сәйкес, ол меншік иесі емес. Сондықтан оның жеке тұлғасы туралы бөлек айта алмаймын. “Болат Назарбаев базардың иесі, оның адамдары сол жерде отыр” деп айтуға заңды тұрғыдан құқығым жоқ. Меншік иелері болып тіркелген тұлғалар бар, бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. Олар жол картасына қол қойды, міндеттеме алды, солардан сұрау болады. Яғни, бұл бүгінде тізілімде тіркелгендер және ресми меншік иелері, - деп жауап берді сауда министрлігінің басшысы Ulysmedia сұрағына.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері министрден “Құқық қорғау органдары Болат Назарбаевтың "Алтын Орда" базарына қатысын тексере ме?” деп сұрады.

"Білесіз бе, егер фактілер болса, кез-келген адамды тексеруге болады. Егер Болат Назарбаев тіркелген болса, үлесі болса, келісімшарттарға қол қойса, онда заң алдында бәрі тең. Ешкімге артықшылық берілмейді. Сондықтан біз осы базарды заңды түрде өз атына тіркеген адамдармен жұмыс істейміз", - деді министр.

Еске салайық, Бас прокуратура және мемлекеттік органдардың тексеруі нәтижесінде “Алтын Орда” базарында санитариялық, ветеринариялық, экологиялық, су, еңбек, сәулет-құрылыс, өртке қарсы, салықтық бақылау, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласында 300-ден астам ҚР заңнамасы нормаларын бұзушылықтар анықталған болатын.

Серіктес жаңалықтары