×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Халық санағы: Қазақстанда қазақтардың үлесі қанша

02.11.2023, 13:22
sputnik.kz

Елімізде қазақтардың үлесі 70,4% дейін өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2021 жылғы санақ қорытындысын жариялаған Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстандағы қазақтардың саны — 13,4 млн.

“2009 жылдан бергі өсім — 33,7% (10 млн — 2009 жылы), жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, саны көп ұлт қатарына орыстар — 2,9 млн, өзбектер — 614 мың, украиндар — 387 мың және ұйғырлар — 290 мың адам кірді”, – дейді мамандар.

Санақ қорытындысы бойынша еліміздегі этностар саны — 124. 

Олардың арасында ливтер, вепсілер, орочтар, долгандар, даниялықтар, удэгейлер, цахурлар, мансылар, нанайлар, моңғолдар, селькуптер, чукчалар, ульта, нивхтер, ижорлар, кеттер, коряктар, қырымшақтар, нганасандар, саамдар, чувандар бар.

Бір айта кетерлігі, 2021 жылғы сауалнамаға ұлтты «көрсетпеу» жауап нұсқасы қосылған. 24,8 мың адам өз ұлтын көрсетуден бас тартыпты.

Айта кетейік, 2009 жылғы санақтан бері Қазақстан халқы 20% өсті. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі санақ қорытындысы бойынша халық саны 19 186 015 адамға жетті.

Серіктес жаңалықтары