×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Күзетші оқушыны зорламақ болған: Алматыда шу шыққан мектептің директоры жұмыстан қуылды

02.11.2023, 15:41
Күзетші оқушыны зорламақ болған: Алматыда шу шыққан мектептің директоры жұмыстан қуылды
видеодан кадр

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматыдағы мас күзетші алтыншы сынып оқушысын зорламақ болған оқиғадан кейін №160-шы мектептің директоры жұмыстан шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында журналистер зорлауға әрекеттенгені үшін күзетші небары 15 тәулікке қамалғанын еске салып, ата-аналардың наразылығын тудырған оқиғадан кейін мектеп басшылығы неліктен жазаланбағанын сұрады.

"Аталған білім беру ұйымының басшысы жұмыстан босатылды. Білім басқармасы тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Сондықтан мұндай фактілерді көрген бойда балалардың құқықтарын қорғау комитеті бірден оқиға орнына барып, тергеуге қатысады және барлық оқиғалар комитеттің тұрақты бақылауында болады. Сондықтан тиісті жұмыс жүргізілуде. Тек бұл мектепте ғана емес. Әр жағдай бойынша жедел түрде тиісті кеңестер өткізіледі", - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы 160-шы мектептің ата-аналарының бірі Қарасудағы жалпы білім беретін мектептің күзетшісі алтыншы сынып оқушысына зорлауға оқталғаны үшін қамауға алынғанын хабарлаған.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, терге жүргізілуде.