Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысқа көбірек назар аударды. Өз мемлекеті босатылған жерге мыңдаған адам көшкелі жатқанын, ол бағдарлама «Ұлы оралу» деп аталатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлиевтің айтуынша, Әзербайжан 20 млрд АҚШ долларын түркі елдеріне инвестиция ретінде салды. Қазір де Түркиямен бірлескен инвестиция қорын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Әзербайжан - өте сенімді транзиттік ел», - дейді ол.
Ильхам Әлиевтің сөзінше, өкінішке қарай халықаралық құқық нормалары бұзылып жатыр. Әлемде қантөгістер мен соғыстар тоқтамаған. Әр елдің қорғаныс мүмкіндіктері қауіпсіздігінің кепілі дейді Әлиев.
«Түркі елдерінің қорғаныс, өнеркәсіп саласындағы ынтымақтығы күшеюі керек. Армения Әзербайжан режимін 30 жыл бойы оккупациялады. Миллионнан астам әзербайжандықтар бабалар елінен кетуге мәжбүр болды. Армения біздің қалалар мен ауылдарды қиратты. Ескерткіштерді бұзды. Жылдар бойы Әзербайжан осы мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысты. Армения премьер-министрі «Қарабақ – Армения!» деген еді. Арменияның басшылығы Әзербайжанға жаңа соғыс жариялаймын деп қорқытты. Алайда 2020 жылы екінші Қарабақ соғысы басталды. Әзербайжан өзін қорғау құқығын пайдаланып, БҰҰ жарғысының 51 бабына сәйкес, 2020 жылы Отан соғысынла 44 күнде Арменияны жеңді. Тарихи әділеттілік пен аумақтық тұтастығын қалпына келтірді. 27 жылға жалғасты. Екінші Қарабақ соғысы 44 күнге жалғасты. 2020 жылы 10 қарашада аяқталды», - деді ол.
Ильхам Әлиев оккупация саясаты, Арменияның этникалық тазартуына қарамастан Әзербайжан Армениямен келісуге дайын екенін айтып, 5 шарт ұсынғанын, бірақ Арменияның Қарулы күштерінің қалдықтары Әзербайжан аумағында қала бергенін атап өтті.
«Сонда да Әзербайжан өзінің аумақтық тұтастығын қалпына келтірді. Антитеррорлық операция кезінде Әзербайжан толық халықаралық заңдарды сақтады. Отан соғысы аяқталғаннан кейін Әзербайжан реставрация жұмысын бастады. Осы мақсатта біз 7 млрд доллар жұмсаймыз. Келесі жылдың өзінде 2,4 млрд доллар жұмсалады. «Ұлы оралу» бағдарламасын қолға аламыз. Шавкат Мирзиеевке рақмет! Физулиде мектеп салып берді. Тоқаевқа рақмет! Қазақстанның Әзербайжанға сыйлығы – Физулиде креативті орталық салып жатыр. Осының бәрі - достықтың, бауырластықтың белгісі. Біз - ұлы түркі әлемінің бөлігіміз», - дейді Ильхам Әлиев.