×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

«Білім беру» курстарын сатқаны үшін блогер Аяз Шабутдинов ұсталды

03.11.2023, 16:23
әлеуметтік желіден

Блогер Аяз Шабутдинов Мәскеудегі жалдамалы пәтерде ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті БАҚ блогердің "білім беру" курстарын сату кезінде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын жазып жатыр.

Полицияға желі қолданушылары тарапынан түскен шағымдардан бөлек, Шабутдиновқа салық төлеу мәселесі бойынша сұрақтар бары хабарланды.

Айта кетейік, Аяз Шабутдиновтың әлеуметтік желілерде екі миллионға жуық аудиториясы бар. Ол Пермь өлкесінде дүниеге келген.

Өзінің сайты бар, онда ол  Like Центр – "кәсіпкерлерге арналған технологиялық білім беру компаниясының" негізін қалаушы екені көрсетілген.

Ол өзін инвестор және миллиардер деп атайды. Алайда әлеуметтік желілерде оған "инфосыған" деп айдар тағушылар көп.

Серіктес жаңалықтары