×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Аягөзде төрт баласы өрттен көз жұмған қаралы үйден қомақты қаражат ұрланған

04.11.2023, 09:20
Фото: Ашық дереккөзден

Жақында ғана Аягөздегі үйінен шыққан өрттен төрт бірдей баласынан көз жазып қалған отбасы туыстарының үйін паналап жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азаттық радиосының тілшісі Нұртай Лахан ауыл жаққа барғанын, жолай қара жамылған үйге кіріп, орнына бата жасағанын айтады.

“Жетісін беріп жатыр екен. Байғұс әке-шеше естерін жия алмай, әлі мең-зең болып отыр. 

Ресми ақпарат қайтыс болған төрт баланың екеуін "егіз" деп берген еді. Олай емес екен. Арнұр мен Нұрасылдың арасы екі жас”, – дейді журналист.

Туыстарының айтуынша, отбасының екінші ұлы Нұрасылдың көзі дұрыс көрмейді. Бұған дейін екі рет ота жасатқан. Үшінші рет тағы бір ота жасату үшін әкесі там-тұмдап тиын-тебен жинаған.

“900 мың теңге. Оны қысқы курткасының төс қалтасына сақтаған. Өрт болған күні сол ақшаны ерлі-зайыптының неке сақинасымен қоса ұрлап кетіпті. "Үйге өрт сөндірушілер мен полициядан басқа ешкім кірген жоқ" дейді Бауыржанның жақындары.  Айтпақшы, үш баланы әкесі, кішкентай ұлды көршісі алып шыққан. Өрт сөндірушілер содан кейін ғана келген. Отағасының қолына алатын жалақысы 80 мың теңге ғана болған. Ресми биліктің "120 мың теңге" дегені де өтірік. 2019 жылы үш ай атаулы әлеуметтік көмек алған. Кейін бір сиырың бар екен деп қысқартқан. Онымен қоймай "егер қол қоймасаң, үш айдың ақшасын өндіріп аламыз" деп қорқытып, "өз еркіммен бас тартам" деп жаздырып алған”, – деп жазды Нұртай Лахан.

Осыдан екі жыл бұрын Аягөзден Шұбартауға шығатын тұсқа әлеуметтік үйлер салған. Қаралы отбасыға содан үй беріпті.

"Желтоқсанда үш күннің ішінде кір" деді. Кірдік. Күніне он екі шелек көмір жақтық. Терезенің астынан жел соғып, үй жылымады. Балалар ауыра бастады. Бір апта өткеннен кейін "көктемде үйді жөндеп бірақ кірейік. Ескі болса да бұрынғы үйімізге қыстайық" дедік. Әкімдік "Болмайды. Олай болса үйден бас тартамыз деп қолхат жазып бер" деді. Амалсыз жазып бердік дейді қаралы шаңырақ иелері”, – делінген автордың жазбасында.

Қаралы отбасы әзірге туыстарының үйін паналап жүр. Аудан әкімі қарашаның соңына дейін жалдамалы үй тауып беретінін, сосын жиналған қаражатқа қаладан үй алып беруге уәде еткен.  

Балалардың шешесі екі сиырдың сүтін сатуға кеткен. Сондағы күндік табысы 1500-2000 теңге екен.  Балалар сол кезде сіріңке шаққан. Ол матрасқа тиіп тұтанған. Үйдің ішін алып кеткен түтінге тұншығып өлген. Кішкентай Рамазанның емшектен шыққанына екі ай ғана болыпты.

Серіктес жаңалықтары