×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Непалдағы жер сілкінісі: 120-дан астам адам зардап шекті, үйінді астында қалғандар бар

04.11.2023, 09:51
pixabay.com

4 қараша, сенбіге қараған түні Непалда магнитудасы 6,4 болатын күшті жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 128 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Непал астанасы Катмандудан 400 шақырым жерде орналасқан Джаяркот аймағында болды. Жер асты дүмпулері елдің астанасы мен басқа қалаларында, Үндістан мен Қытайда да сезілді.

Билік өкілдерінің айтуынша, үйінділер астында әлі де адамдар бар, сондықтан құрбандар саны артуы мүмкін.

Непал премьер-министрі Пушпа Камал Дахал «жер сілкінісінен келтірілген адами және материалдық шығынға қатты қайғырды» деп мәлімдеді. Үкімет іздеу-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін қауіпсіздік күштерін жіберді.

Непалда жер сілкінісі жиі кездеседі. 2015 жылы 7,8 балдық жер сілкінісі 9 мыңға жуық адамның өмірін қиып, миллионға жуық ғимаратты зақымдаған.

Еске салайық, өткен айда Ауғанстанда күшті жер сілкінісі болып, екі мыңнан астам адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары